Ғұлама PDF Басып шығару E-mail
22.11.2011 14:31

Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сон­дай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.

Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырап­сыз пайдалана берсек, қайтадан қал­пына келмей­тінін, сарқылаты­нын білеміз. “Сонда таусыл­май­тын қа­зына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнде­лікті өмір­де, қарым-қатынаста, жұ­мыста, үйде, түзде жан- жа­ғын­дағы адам­дарға бойындағы қабілеттің шуа­ғын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағаты­на дейін біз­дерге білім мен ғы­лым­ның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қал­дырып кеткен академик, Қазақ­стан ғылы­мына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.

Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жыл­дың 2 қарашасында Қара­ған­ды облысы, Қарқаралы ауданында дү­ниеге келген. “Тұл­пар аунаған жер­де түк қалады” де­гендей, Ақаң аты­шулы Машан бидің немересі.

Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық тех­ни­калық университетінің түлегі, тау-кен инженері, қазақтың заң­ғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің “Қаһар” атты рома­нында Ма­шан бидің атақты Ағыбай ба­тыр­дың досы, Құнанбай, Құдай­берді тәрізді адамдар­мен үзеңгі­лес, туыстық та қарым-қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмең­кесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен. Ақаңның әкесі Жақсыбек Құран­ға жүйрік, сол кездердегі “Ай­қап”, “Дала уалаяты” атты газет­терді жаз­дырып оқитын адам бол­ған. Ақаң алғаш әліппе тануды өз әке­сінен, кейін кеңес мектебінен үй­ренген. 1924 жылы Қарқара­лыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникум­ға түсіп, Әлекеңнен, Ахаңнан (Ахмет Бай­тұр­сынов) дәріс алған. Міне, осын­дай думанды шаңы­рақ­та, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім-тәрбие алған Ақжан Жақ­сы­бекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ақжан ата бой­ын­дағы әділдігі, сабырлы­лығы, зеректігі, зерделілігі, ізденім­паз­дығы атадан балаға ұласқан сар­қылмас қазынаның жалғасы деп білеміз.

Еңбек жолын өзі оқыған мек­тепте мұғалім болып бастаған Ақ­жан Жақсыбекұлы 1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық тех­никумындағы – дайындық кур­сын­да оқып, 1934 жылы Ал­матыда ашылған Қазақ тау-кен метал­лур­гия (қазіргі ҚазҰТУ) инс­титуты­ның алғашқы студент­терінің бірі болып қабылданады.

Институтта оқи жүре, ол Ал­ма­ты­дағы техникумдарда, курс­тарда сабақ берді. Қазақстандағы марк­шей­дер мамандығының не­гізін қалаушы, профессор П.А.Ры­жов зерделі студентті 1939 жылы аспирантураға алып қалады.

Ол ғылыми еңбегіне жер қой­науының геометриясын өзек етіп алды. Бұл екінің бірінің тісі бата бер­мейтін тың тақырып еді. Кер­тарт­­па ғалымдар ғылыми жаңа­лық­қа күдікпен қарады. Алайда Ақанның диссертациясындағы кен орын­да­рын зерттеудің жаңа әдісі Қазақ­станның көптеген кен орын­дарында байқаудан өтті. 1940 жылы геологиялық-барлау ғылы­ми экспедициясын басқарып жүрген аспирант Ақжан осы жаңа әдіс негізінде Ақбастау-Қосмұрын алтын кен орнын ашты. Сөйтіп, кендердің жер қойнауында түзілу заңдылықтарын ашуда алғаш рет жер қойнауы геометриясының әдіс­терін қолдануы геология мен тау-кен саласында ғылыми жаңалық болды.

<

1946 жылы Ақжан Жақсы­бек­ұлы Мәскеу қаласында “Кендер құрылымын жер қойнауын гео­метрлеу әдістерімен зерттеу” та­қы­­рыбына докторлық диссер­тация қорғады. Ғылыми жұмыс үш мамандықтың (геология, ме­ханика және тау-кен ісі) түйісінде жүзеге асқан болатын. Сөйтіп, үш ғылым саласының түйісуіне тау-кен ісінде жаңа ғылыми бағыт – “геоме­ха­ника” дүниеге келді.

А.Машанов жетекшілігімен жүр­гізілген геомеханика сала­сын­дағы ғылыми жұмыстардың өрісі кеңейіп, жас ғалымдар саны кө­бейе түсті. Геомеханикалық зерт­теу­лерді жүргізуде, Ақжан Жақ­сы­бек­ұлы – ең алдымен, кен орны­ның табиғи геологиялық жағдайын және қатты денелер механикасы мен физикасының негіздерін зер­делеу арқылы адам­заттың ин­же­нерлік қызметінің нәтижесінде пайда болған жасан­ды ортаның геологиялық, кернеу­лі жай-күйін білуге және ашылған тау жыныс­тарының әртүрлі те­рең­діктеріндегі физикалық-ме­ханикалық қасиет­терін анықтауға басты көңіл аудар­ды десек, ол КСРО-дағы геоме­ха­ника ғылы­мы­ның негізін салу­шы­лардың бірі және Қазақстандағы геомеханика мектебінің іргетасын қалаушы.

А.Машановтың геология, гео­механика саласындағы ғылыми ең­бектері, көп жылдардағы дала­лық, өнді­рістік, ғылыми-зерттеу жұмыс­тарының нәтижелері бүгінде еліміздің жоғарғы оқу орында­ры­ның тау-кен мамандықтарына геомеха­ни­каны жаңа ғылыми пән ретінде оқу үрдісіне енгізуге негіз болды. Ол тау-кен саласындағы ғалымдар ішінде ал­ғашқысы болып “Геоме­хани­ка” пәнінің мақсаты мен мазмұнын тұжы­рымдады. А.Ма­­шанов көптеген ғылыми кітаптар жазды. Солардың ішіндегі “Меха­ника массива горных пород”, “Введение в геомеханику”, “Осно­вы геомеханики скально-трещи­новатых горных пород”, “Гео­механика”, “Устойчивость бортов карьеров бассейна Каратау” сияқты монографиялық еңбектері осы саладағы іргелі зерттеулер қатарына жатады. Бір айта кететін жәйт, оның еңбектері “Маркшейдерлік іс” ілімі­нің отаны Германияда неміс тілінде жарық көрді. Бұл оның ғылыми мектебінің халықара­лық дең­гейде мойындалуы еді.

Қазақстанның алғашқы тех­ника саласындағы интеле­гент­терінің алдында ғылым мен тех­никаның жалпы мәселелерімен қатар, ұлттық инженерлік-тех­ни­калық әдебиеттер жазу қажеттігі тұрды. Сол кездері А.Ма­шанов тау-кен атаулары­ның тұңғыш сөздігін, жоғары оқу орындарына арнап қазақ тілінде көптеген оқулықтар даярлады. Мә­селен, “Кристаллография, минеро­логия және петрография” атты кіта­бы соңғы ғасырдағы алғашқы және әзірге жалғыз оқулық болып есептелінеді.

А.Машанов ғылыми-техникалық білімді көпшілікке кеңінен насихат­тау­шы. Оның қаламынан туған “Жанар тау”, “Жер сілкіну”, “Тау­лар қалай құрылды”, “Жер сыры”, “Ғажайып ошақ басында”, “Табу” сияқты кітаптары көпшіліктің ықыласына бөленді.

Ол ғылымның сыр сандығын бір­тіндеп ашып, інжу-маржанын, тал­ғаммен терген жан. Ғалым “Кі­сі­ліктің өлшемі – білімділік, сон­дық­тан да барлық ғылымдар та­рихын жақсы білу керек” деген қа­ғиданы біздерге айтудан жалықпады және өзі де өмірінің соңғы сағатына дейін ғылымды сүйіп, ұлы ғалым­дарды құрмет тұтып кетті.

Осы саладағы Ақжан Жақ­сы­бек­ұлының баға жетпес, ерлікке па­ра-пар келетін, еңбегі – ұлы баба­мыз Әл-Фарабидің қазақ топыра­ғында туып қана қоймай, қаны түркі екен­дігін дәлелдеудегі, оның еңбек­тері­мен ұрпағын сусындату және на­си­хат­таудағы теңдессіз қызметі. Ақан­ның арқасында Әл-Фараби сынды ұлы ғұламаның рухы, есімі өз Отаны қазақтың қара топырағына қайта оралды. Бұл жолда жер жүзі ел­дері­нің кітапхана­ларында шашырап жат­қан Әл-Фараби еңбектерін жинап, 1969 жылы бабамыздың Дамаск қаласы­нан бейітін тапқан да Ақаң еді. Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің мәңгі мекені – Баб ас-Сағир зираты басындағы көңіл-күйін, ішкі сезімін біздерге жырдай қылып айтушы еді және оны өзінің “Әл-Фараби және Абай” атты кітабында жазып та кетті. “Қабір басында көз жасымды тыя алмадым, қабіріне бас иіп тұ­рып, бір шөкім топырағын орама­лым­ның шетіне түйіп алдым да, құранның өзім білетін сүрелерінің бірін ағытып қоя бердім” дейтін. Ақаң­ның бабамыздың басында тұ­рып шығарған өлеңі де бар:

Түркістан, Шам арасын жақындатқан бабамыз

Басыңа келді ұрпағың, ақылды, дария данамыз.

Араб, парсы, түрікте Сізді білмес жан бар ма?

Басқалар да таниды тарихқа көзін салғанда.

Зират – айлап басыңды

Елден іздеп келген ем.

Тәбәрік етіп бір уыс

Топырақ алдым мен сенен.

Мағауия мешіті,

Сан ғасыр бастан кешірген.

Қасыңда әлі тұр екен.

Дар ас-Салам ол мекен.

Торқалы мекен тоғысқан

Тоқсан тарау жол екен.

Сізге де мекен болыпты

Ел басын қосқан сол мекен.

(23 қыркүйек 1968 ж. Дамаск.

“Әл-Фараби және Абай” кітабынан, 40-бет)

Ақаңның үйіндегі кітапхана­сын­да сирек кездесетін кітаптар көп еді. Солардың бірі – Иоган Кеп­лердің “Аспан музыкасы” деген кітабын оқып отыра, Ақжан Жақ­сыбекұлы Кеп­лердің жазғандары­ның бір­сы­пы­расы Әл-Фарабиден алынғандығын анықтады. Осы мәселеге байланыс­ты А.Машанов 1984 жылы Кувейтте шығатын “Әл-Фараби” журналына “Орта Азия­ның мәдениет шамшы­рақ­тары” атты мақала жариялап, онда өз пікірін дәлелдеді. Кейіннен осы мақала төңірегінде жарық көрген пікірлерде белгілі ғалымдар “Әл-Машани мырза өз көзқарасын толық дәлелдеді” деп жазды. Міне, содан бері “Әл-Фарабиді ашқан Әл-Ма­шани” деген сөз тіркесі жалға­сып кете берді. Әл-Машани деген атақ Ақаңның өзіне де ұнағандығы сон­шалық, “Ай арысы” және “Геоме­ха­ника” атты кітаптарында авторы Әл-Машани деп өз қолымен жазып кетті.

Жалпы, Әл-Машани 200-ден астам ғылыми мақалалар, 10 мо­но­графия, 5 оқулық және 8 ғы­лыми көпшілік кітаптар жазып, артына өшпес мұра қалдырған ғалым. Осы еңбектері арқылы ғалым­ның кемеңгерлік қырлары жарқырай көрініп, есімі елге мәшһүр болды.

Әл-Машани қаламынан ұлы бабамызға арналған “Әл-Фараби мұрасын зерттеу туралы”, “Шы­ғыстың Аристотелі”, “Әл-Фараби еңбектерін қазақ тіліне аудару туралы”, “Әл-Фараби”, “Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ға­лым­дары”, “Әл-Фараби және Абай” сияқты көптеген кітап­тары жарық көрді.

Әл-Фараби мұраларына ар­нап осындай еңбек жазып жүр­ген және 1978 жылы Әл-Фара­бидің 1100 жылдық мерейтойына ар­нал­ған халықаралық конфе­рен­ция өт­кізуге көшбасшы бол­ған Ақаң әлем оқы­мы­сты­ларын өзіне тәнті етті. Жет­пісінші-сексенінші жылдары Әл-Машани қаққан дабылдан кейін Түркістандағы Ахмет Ясауи кесе­несінде, Отырар, Арыстанбаб тарихи қорымына мемлекет тара­пынан көңіл аударыла бастады. 1985 жылы ғалымның өзі Түр­кіс­танға барып, Отырар мұражайы­ның ашылуына атсалысты. Ол Қазақстан Рес­публикасы мен шет елдердегі Әл-Фараби мұра­сын зерттеуші­лердің алғашқы ғылыми кеңесшісі болды.

Абай атамыздың 150 жылдық тойы тұсында жазылған “Әл-Фараби және Абай” атты кітабы өзінің мән-мағынасымен, ой­шыл­­дық, талдау болжамдарымен аса құнды, халқымыздың мың жыл­дық мәдени тарихының үндестігін зерделеген еңбек. Ақжан Жақ­сыбекұлы Абай дү­ниетанымын, ғылымның бастауы орта ғасыр­лық, араб, шығыс елдерінде жат­қандығын, оның көш бастау­шы­сы ұлы бабамыз Әл-Фараби бол­ғандығын, сөйтіп екі дананың арасын жалғастырар ғылымның даңғыл жолын баяндаған, сонау мың жылдан астам уақыт өткен Әл-Фарабиден кейін, оған ой өрісі жақын. Парасаты кең, ойшыл Абай екенін дәлелдеген.

2001 жылдың 12 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысының сол кездегі әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен халықаралық дең­гейде Әл-Фарабидің 1130 жыл­ды­ғы аталып өтті. Әкім бекіткен арнайы сыйлық және Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы сыйлықтың №1 куәлігі артына мол мирас, өшпес іс қалдырған Әл-Ма­шаниға берілді.

Әл-Машанидің ғылымға қос­қан зор үлесін және ғылыми пе­да­гогикалық қызметін жұрт­шы­лық пен Үкімет жоғары бағала­ды. Ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медаль­дар және Қазақ КСР Жоғары Ке­ңесінің Құрмет грамоталары­мен марапатталды. Қ.Сәтбаев атын­дағы ҚазҰТУ жанындағы жара­ты­лыстану гуманитарлық инсти­тутына Ақжан Әл-Машани есімі берілген.

Әл-Машани барлық ғылым­дардың басын біріктіруші – ислам дініне, мұсылманшы­лыққа, ислам философиясына ден қой­ған ойшыл ғалым. Ол ғылым мен ислам діні байланы­сының сырын ашқан, “екеуін бірінен-бірін айыруға болмай­тынын”дәлелдеп кеткен.

“Алдаспан” тәуелсіз журна­лы­ның бас редакторы Қазтай Әбіш тоқсан бір жастағы Әл-Маша­ниден (қайтыс боларынан бір ай бұрын) сұхбат алған бола­тын. Сонда журналист соңыңыз­дан ерген інілеріңізге, шәкірт бала­ларыңызға өсиет етер амана­тыңыз қандай – деп сауал қой­ған­да, Ақаң былай деген бола­тын: “Кі­сі­ліктің өлшемі – білім­ділік. Қа­зақ жастары тек білімге ұмты­лу­ла­ры керек. Тәуелсіз мемлеке­ті­міз­дің тұтқасын ұстау үшін де бі­лімді болуы керек. Ал бар ғылым­ның тоғысар арнасы, зәулім шырқау шыңы – қасиетті Құран кітабын оқуды аманат етемін. Ислам діні – ең таза, ғылымға негізделген. Исламның бір үлкен па­рызы – ғылым. Ата-баба­ла­ры­мыз қастерлеген сол дінді қадір­леп, имандылыққа бет бұрған ұрпақтарымның ертеңгі өмірі арайлы болатынына сенемін”.

Бұл айтылғандардың барлығы Ақаңның “Исламның ғылыми негіздері” атты қолжазбасында баяндалған.

Міне, осындай артында өшпес мирас қалдырған ойшыл – ғалым Әл-Машаниден алар тағылым мол.

Авторы: М.НҰРПЕЙІСОВА, техника ғылымдарының докторы, профессор. Б.ТӨЛЕУОВ, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.

"Егемен Қазақстан"

Жаңартылды 09.08.2012 13:06
 
, Powered by Joomla! and designed by SiteGround web hosting