Ағыбайдың Құнанбаймен қақтығысы PDF Басып шығару E-mail
03.05.2012 12:37

1861 жылы жазда Баянауыл ауылында «Ақ келін» көлінің жағасында отырған Шорманның Мұсасы (1819-1887) деген заседательдің үйіне Ағыбай батыр келеді. Ол үйде Құнанбай Өскенбаев (1802-1883) Қарқаралы дуанының аға сұлтаны отыр екен. Құнанбай Ағыбайды бұрын көрмеген екен, тек атын ғана естіген. Қарапайым киінген Ағыбайды көріп, Мұса Шорманұлына: «Мына батырың кім? – депті. Сонда Мұса мырза: «Бұл кісі - өзіміздің ағай, кім екенін өзі айтар, - дейді. Сонда Ағыбай батыр өткір көзін Құнанбайға қадап:

 

- Тоқырайып отырып,

Түсті ме көзің тотыға?

Жөнін тауып сөйлесең,

Кім көнбейді жолдыға.

Тәңірім қалап, жарқыным,

Басыңа бақыт қонды ма?

Тәкаппарлық ішіңе толды ма?

Алым еді ғазәзіл,

Тәкаппарлық қылам деп,

Ақыры оның оңды ма? – депті.

Мұны естіген Құнанбай орнынан ұшып тұрып, Ағыбай батырға:

Ассалаумағалейкум, қолыңды бер, аға жан,

Бір сөзіңіз бір сөзбен асып кетті шамадан.

Әсер етті сөзіңіз кетпестей қолым жағадан.

Қолыңды бер өтініш, лаж жоқ басқа тобадан, -

деп Ағыбайдың қолын алып, кешірім сұраған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультетінің аға оқытушысы – Бисенбаев Пазылбек

 

 

Жаңартылды 05.09.2012 10:27
 
, Powered by Joomla! and designed by SiteGround web hosting