Ағыбай батыр (Тәужи Айнатасов нүсқасы) PDF Басып шығару E-mail
19.07.2012 23:08

Ағыбай батыр (Тәужи Айнатасов нүсқасы)

 

Хан болған ол бір кезде Кенесары,

Біледі Кене ханды жұрттың бәрі.

Хан Шыңғыстан туады хан Абылай,

Айтуға біле алмадым одан әрі.

 

 

Қасым хан туатұғын Абылайдан,

Талай хан өтті бүрын адырайған.

«Хан» дегенге қайқайып, масаттанып,

Қараңғылық жоймайды қодырайған.

 

Әкесі Кене ханның Қасым еді,

«Төре» деп атақ алған нәсілдері,

Қазаққа хандық жасап Қасым дағы,

Қалмақтың қанын судай шашып еді.

 

Кенесары, Құдайменді, Ержан, Саржан

Құса боп іште кеткен, солар да арман.

Қырғыздан қаза тауып ақырында,

Бас жойды қараңғылық салдарынан.

 

Бұлармен бірге туған Наурызбай да,

Немере, былай айтсақ, Абылайға.

Басшы соқыр болса, халық адасар,

Бұл жерін, жалпы еңбекшіл, мүны ойла.

 

Қыршын жаста қиылды ер Наурызбай,

Жаңа келе жатқанда жетіп бойға.

Бір соғыста астынан бес ат өліп,

Қалмаған жау қолында, тауып айла.

Кенесары бір күні шақырып ап,

Былай деп айтады сөз Ағыбайға:

 

Ағыбай, сөз айтайын, бері келші,

Қасыңа қырық кісі алып, атқа мінші.

Наурызбайға мінетұғын бізде ат жоқ,

Бір тұлпар түрікпеннен әкеп берші.

 

Бойыма ішкен асым тарамай тұр,

Мінген аты Науанның жарамай тұр.

Бір күн жау қолында жаяу қалар,

Ұрысқа мінген аты шыдамай тұр.

 

Ағыбай, жолдасыңды ал, ірікте де,

Сендерді жау алмайды біріккенде.

Текеужәміт елінен тұлпар әкел,

Ағыбай, жолыңды тарт түрікпенге.

 

Ағыбай: «Бұл сөзің мақұл, - деді,

Айтыңыз тағы басқа ақыл, - деді.

Астынан бір соғыста бес ат өліп,

Наурызбай жаяу жүр ғой батыр», - деді.

 

Ағыбай алды бата Кене ханнан,

Бата алып, жол жүрмекке қадам салған.

Қару-жарақ, азығын түгел алып,

Іріктеп қырық жігітті таңдап алған.

 

Жолдасқа қырық жігітті іріктеген,

Адамға үлкен пайда біріккеннен.

Ағыбай қырық жігітпен жолға түсті,

Тұлпар әкеп бермек боп түрікпеннен.

 

Ағыбай қырық жігітпен сапар жүрді,

Келеді гуілдетіп асып қырды.

Шуға келіп бір күні қонып жатса,

Естиді қамыс ішінде бір сыбырды.

 

Жолдасының бәрі де ұйықтап қалған,

Сыбдырға келе жатқан құлақ салған.

Қараса, бір жолбарыс келе жатыр

Екі көзі түн ішінде оттай жанған.

 

Садағын сонда ағыбай қолына алды,

Атуға жолбарысты ыңғайланды.

«Дәл жүректің тұсы ғой дәп осы» деп,

Шіреніп садақпенен тартып қалған.

 

Ағыбай бар күшімен садақ тартты,

Жолбарыс тыпыр ете алмай, омақатты.

Жолдасының бәрін де оятып ап,

Терісін жолбарыстың сойып апты.

 

Тағы да атқан соң жүріп кетті,

Ән салып, өлең айтып, гуілдетті.

Бар екен ар жағында бір биік тау,

Талма түстің уағында соған кепті.

 

Сол таудың бұлағы бар жатқан ағып,

Сол бұлақ ағар тынбай, сылдыр қағып.

Қос тігіп, көлеңкелеп сол бүтаққа,

Жатады асып етті рақаттанып.

 

Жапырақ жағасында гүлденіп тұр,

Құлпырып, жүз құбылып, түрленіп тұр.

Ағаштың жапырағы сылдыр қағып,

Мысалы: бір-біріне сыр беріп тұр.

 

Түрлі құс – байғыз, көкек ән салып тұр,

Ән салса, тау жаңғырып, тартқандай кұй.

Ағаштың, жапырақтың көлеңкесі

Шыбынсыз, желсіз, сая тіккендей үй.

 

Күміс-ті аққан бұлақ сылдыр қағып,

Естіген жан тояр мейірі қанып.

Көк ала үйрек ұшады шалшығында,

Садақпен тұр мергендер атып алып.

 

Үйректі садақпенен атып алды,

Бақыр асты, саяда рақаттанды.

Біреу бақыр асқан ояу болды,

Ағыбай мен басқалары ұйықтап қалды.

 

Бақыр асқан бір қараны көзі көрді,

Сол қара адам екен, жақын келді.

Әлгі бұлақ аяғына ат суарып,

Кершолақ мінген аты сондай еді.

 

Кершолақ мінген аты қатып қалған,

Ақ найза шашағы бар қолына алған.

Басында дулыға бар, белде сапы,

Айбаты мысалданар жерді жарған.

 

Аяңдаған уағында Кершолақ ат,

Аяңына шыдамай, ойнақ салған.

Кім болса да, бес метрдей бойы биік,

Қанжығада терісі бар бар құлан – киік.

 

Аяғы ат үстінде салақтайды,

Шалғынға, жүргенінде, келер тиіп.

Сары бурыл сақалы бар ағармаған,

Бет ажары мысалы ақшыл қардан.

 

Саусағы жас баланың білегіндей,

Бой – сымбаты көрсе елі, құмарланған.

Ақ күмістей жалтырап отыз тісі,

Батырларға ұқсаған бар тұрмысы.

 

Бір – екі жүз кісі оны алар емес,

Көрмесе де, көргендей қайрат – күші.

Кершолақ ат астында мінген аты,

Текежәуміт тұлпардай қияпатты.

 

Майда жал, ойдық желке, кең қабырға,

Бура сан, қақпақ сауыр кейінгі арты.

Жүргенде, жайтаң қағып жарғақтайды,

Құйрығы екі жаққа бұлғақтайды.

 

Жорғасына шыдамай жайтаңдаған,

Атқылап секіреді, ойнақтайды.

Жақындаған уағында, есі шығып,

Ет асқан бақыршысы құлап қалды.

 

Бақырдаң қасына кеп әлгі адам,

Найзамен барлық етін түйреп алған.

Бақыршы есі ауса да, көріп жатыр,

Әлгі адам кейін қарай кетіп қалған.

 

Бақыршы есін жиып, тұра салып,

Ағыбайды оятты қосқа барып.

Анау кісі келді де, бақырдағы

Найзаменен әкетті бар етті алып.

 

Ағыбай бас көтеріп түрегелді,

Жылдам Көкбесті атты әкел, - деді.

Ерттеліп Көкбесті атты мініп алып:

Бірің барма, әкелем өзім, - деді.

 

Шапқылап, найза қолда, келді жетіп,

Алмаққа алабұртып көңлі кетіп.

Көз салып Ағыбайға қарамайды,

Кер атты жорғалатып барар кетіп.

 

Кер аттың жер жарылар жорғасынан,

Текежәуміт сияқты пормасынан.

Біреуіне бірі сай ат пен ердің,

Ағыбай шошып келед тұлғасынан.

 

Адамға Ағыбайдай салмас көзін,

Ет әкеткен алмастай бұдан кегін.

Ерегессе егер де, шабатындай,

Ойран етіп кеткендей бір тайпа елің.

 

Жаңартылды 05.09.2012 10:18
 
, Powered by Joomla! and designed by SiteGround web hosting