Ғылымдар Ағыбай батыр туралы
Қырғыз Алатауындағы соғыстың соңғы сәттері PDF Басып шығару E-mail
30.05.2012 14:57

Қырғыз Алатауындағы соғыстың соңғы сәттері

Кенесары хан Қырғыз Алатауындағы бір-екі соғыстан кейін «Жердің жайын білмейді» деп талай соғыста бас батыр болған Ағыбайды қолбасылықтан алып тастайды. Оның орнына Шапырашты Бұғыбайды сайлайды. Бұған дәлел Нысанбайдың жырында Ағыбай көп қайрат көрсеткенімен, жай батыр есебінде соғысып жүреді. Бірақ Қырғыз Алатауындағы соғыс сәтсіз болып, көтеріліс жеңіліске ұшырады.

Жаңартылды 05.09.2012 10:31
Толығырақ...
 
Ағыбай батыр ауыз әдебиетінде PDF Басып шығару E-mail
22.05.2012 19:11

Ағыбай батыр ауыз әдебиетінде

Айбынды қазақ халқының тарихында аты аңызға айналған талай дарабоз батырлар өткен. Ел үшін атқа мінген сол батырлар образы әдебиет тарихында үлкен орын алады. Әріге бармағанның өзінде ХVIII – XIX ғасырларда өмір сүрген батыр тұлғаларымыз жайындағы әдеби мұраларымыз да жетерлік.

Қазақ әдебиетінде батырлар тұлғасы қалыптасқан ауқымды тақырыптардың бірі болатын болса, осы тақырыптың ішінде Кенесары әскерінің қолбасшы батыр ақжолтай Ағыбай батыр бейнесі – өзінше бір төбе. Бір өкініштісі, кешегі соқыр саясаттың кесірінен ел тарихындағы қаһарман батырларымыз қарақшы шапқыншылар бейнесінде ғана танылып келген. Міне, бүгін ел тәуелсіздігінің, демократиялық оң көзқарастың тууына орай халық батырлары өздерінің дұрыс бағасын алуда. Олардың ақиқат та айқын тұлғалары ғылыми зерттеу еңбектерінде, баспасөз беттерінде жазылып та жатыр. Батырлар көшінің көлемді тұлғасының бірі Ағыбай Қоңырбайұлы жөнінде ой өрбіткенімізде біз оның қолбасшылық қасиетін және ардақты халық батыры болғандығын ашып айтуымыз керек.

Жаңартылды 05.09.2012 10:31
Толығырақ...
 
Жанқұттының Ағыбай батырды құтқаруы (Ел аузынан) PDF Басып шығару E-mail
19.05.2012 20:01

Есімі алты алашқа мәлім, әйгілі шұбыртпалы Ағыбай батырды Омбы генерал-губернаторы кезінде Кенесары әскерінің қолбасшысы болғаны үшін жауапқы тартуды аға сұлтан Ыбырайға тапсырады. Ыбырай қолшоқпарларын жинап, Ағыбайды алдыртады. Мұны естіген халық Ағыбайға араша түсу үшін Ыбырайға сөзі өтеді-ау деген қадірлі адамдарды жібереді. Оларды салқын қабылдаған Ыбырай оң қабақ таныта қоймайды. Сөз сұраған Көпбайды меңзеп:

Мынау кім? Көпбай ма, боқбай ма? Аузына келгенін оттай ма, бұл да ел намысын жоқтай ма? – деп тыйып тастайды.

Аға сұлтанның озбырлығына күйінген ел ағалары келесі жолы Ыбырайға атақты Жанқұтты биді жұмсайды. Жанқұтты Ыбырайдың үйіне кіріп келеді. Сұлтан оған да «отыр» демей жатып:

- Мынауың қандай пошым? Басы жалпақ, бұты талтақ екен.

Қазақ па, әлде қалмақ па? – деп астамсиды.

Сонда Жанқұтты дуанбасыға тік қарап:

- Тантыма, аға сұлтан! Мен қалмақ емес, қазақпын. Осында отырғандардың бәрінен таза, ақпын. Жар жығылса, суға сүйенеді. Су тасыса жарға сүйенеді. Мен жығылсам бес атаға сүйенемін, сен жығылсаң, жалғыз үй Естек, кімге сүйенесің? Ағыбайдың ісі арам болса, айдат! Қара тобыр халқы бар, іздеп алар арты бар, не болмаса мақтан үшін ел жинамай тарқат. Мизамның да мөлшері бар, нарқы бар, - депті.

Шешеннің дуалы аузынан сескенген қыпшақ Ыбырай сұлтан сонда: «Жанқұтты бес атаны аузына алды, енді болмас», - деп Ағыбай батырды азат етіпті.

Шілікбай Көкентегі

Қарағанды қаласы

Парасат №11, 2002. Қараша. 26-бет

Жаңартылды 05.09.2012 10:31
 
Ақжолтай Ағыбай батыр - ұлт-азаттық қозғалысының қаһарманы PDF Басып шығару E-mail
16.05.2012 19:57

Елімізде соңғы жылдары іске асқан оң өзгерістер – жариялылық пен демократия, республиканың ұлттық тәуелсіздік алуы қазақ халқының тарихи даму жолына жаңа көзқарасттар туғызды. Бұл жаңа көзқарастарыдың негізі – жалпы халықтар мен мемлекеттер қалыптасуының ортақ сыпаттарына біздің қазақ қоғамы дамуының жолы да байланысты екендігінде. Қандай да болмасын мемлекет сыртқы басқыншылыққа қарсы күрес пен ұлттық тәуелсіздік үшін, әлеуметтік теңдік үшін күрес үстінде қалыптасады, туып жетіледі. Бұрынғы үйреншікті ұғымдар осы бір әлемдік тарихи шындықты мойындамайтын еді. Халықтың ұлттық тәуелсіздік үшін күресін, сыртқы басқыншылыққа қарсы наразылықтың бәрін ұлтшылдықтың тар шеңберіне сыйғызып, тарихи фактілер жайында теріс қорытындылар жасауға үйрендік.

 

Жаңартылды 05.09.2012 10:32
Толығырақ...
 
Ғалымдар Ағыбай батыр туралы PDF Басып шығару E-mail
30.09.2011 06:43

Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығармаларына арқау болды.

 

Жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Кенесары хан мен Ағыбай батыр қатысқан барлық ұрыстар баяндалған. Жазушы олардың Ақтау, Ортау, Ақмола бекіністерін қалай алғанын, Сырдария өзенінің бойындағы Меркі қаласын азат ету барысында Қоқан хандығымен қалай ұрыс жүргізгенін толық суреттеген.

1914 жылы Есім төренің көмегімен Ә.Бөкейханов Қазан қаласынан «Қызыл қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарды.

С.Сейфуллин «Ақжолтай батыр» романын жазды.

Заңғар жазушы М.Әуезов «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабында танымал батырға толық бір бөлімді арнады.

И.Байзақовтың бір поэмасы да батыр туралы.

Тарих ғылымының докторы, профессор Е.Бекмахановтың 19-ғасырдың тарихи оқиғалары туралы жазылған монографиясында Ағыбайдың батырлық тұлғасы жан-жақты сипатталған.

 

 

 

ӘЛИХАННЫҢ YШ CҰPAҒЫ

 

Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейханов Қарқаралы yeзінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Қызыларай тауының бөкгерінде туған. (Ата-тегінен таратсақ ұлы Шыңғысхан әулетінің үлкен баласы Жошыханнан тарайтын, атақты Көкжал Барақтан Бөкейхан туады. Бөкейханнан Батыр туса, оның Мырзатайының Нұрмұхаммедінен 1866 жылы Әлихан туады). Әкесі Нұрмұхаммед хандық билікке жетудің жолы бiлімде екенін түсініп, тоғыз жасар ұлын Қарқаралыға апарып, жеке молланың қолына оқуға береді. Бip жылда ескіше сауатын ашқан Әлихан зеректігімен өз бетінше ізденіп барып, қаладағы үш кластық орыс тиліндегі бастауыш мектепке ауысып алады. "Бастауышгы" тәмамдап Қарқаралының төрт жылдық техникалық училищені "өте жақсы" деген бағамен үздік бітірген алғыр шәкіртке училище директоры Санкг-Петербургте оқуын жалғастыруды ұсынады. Дала генерал-губернаторы кеңесінің ұсыныс хатын алып, қазақ қауымдастығының 200 сом стапендиясымен Ресей астанасы Санкт-Петербургте Орман шаруашылығы институтына түседi. Студенттік өмiрдiң басталуымен саяси, әдеби, экономикалық үйірмелерге қатысып озық ойлы жастармен араласады. Студенттік толқуларға катысады. 1885 жылы институттың бірінші курсын бітірген Әлихан Сарыарқадағы елiне жазғы демалысқа келеді. Санкт-Петербуртен Агыбайдың атына қанық танысып, батырлығын естіп, Семейге келгенде Жидебайдағы Абай аулына соғып, Абаймен кездеседі. Әлиханды болмысынан таныған, көзі ашықтығын ұкқан Абай оқу білімге көкірегі ояу, зерделі баланы екі-үш күй конак етеді. Мағауиясы мен Абдрахманы аурулы болып көңілі жасып отырған Абайды хал қадірінше жұбатып ұзақ әңгімелескен шақтарында Кенесары-Наурызбайдың, Ағыбай батырдың жүргізген ұлт азаттық соғысына баға беріп, әкесі Құнанбайдың Кенесарыны қолдағанын айтып әсіресе, Ағыбай батырдың аңыздай ерлектерін сүйсіне әңгімелегенін Әлихан жадында сақтап бір көріп, батасын алуға құштарларнады. Елге барып Жанқұты биді ертіп Тайатқан-Шұнақ тауын жайлап отырған Ағыбай аулына баруды.

Қызыларай тауындағы ауылына келіп біраз күн сағынышын басып, ел адамдарымен амандасып болған соң көлік дайындатып жол серіктер іздейді. Жанқұты би қажылыққа – Меккеге кетіп жуғарақта оралмайтын көрінеді. Елден сұрастыра келе Кернейдің бас ақыны Балтадан тарайтын Қазгелдінің Жуасбай (1854-1918 ж.ж.) ақының жолбасшылықа алу керектігін жөн санайды. Ауылдан атқосшылыққа төртөбес жігіт алып «Аяқшиде» отырған Жуасбай аулына келіп түстенеді. Әлихан жол сапардың жөнін айтқан соң көктен іздегенін жерден тапқандай қуана қоштап Байсейіт бидің тоқсанға жасы жетіп салт атты сапарды көтере алмайтынын білсе де барып сәлем беріп Ағыбай аулына баратындықтарын айтып батасын алады. Әнші Ақтентек серіні ала кетуді ұйғарысып ауылына барса ол да қартайып жол жүруге жарамайтынын айтқан соң қобызшы әрі әнші інісін қалап ертіп алады.

Тайатқан тауының Есентай өзегінде отырған Ағыбай аулына келсе батырдың жүргенінен жатқаны көп, кәрлікті мойындап келімді-кетімді кісілермен әңгіме дүкен құрып өсиет батасын беріп кісілерді талғап қабылдап жатыр екен. Көптен атын білетін, ақындығына қанық «Жуасбай келді» дегенді есітіп өзі жатқан ақ боз үйге кіргізеді. Ағаш төсекте қазанның қара күйесіндей қасқырдың терісінен тігілен мол ішікті аяғына жауып жатқан ағыбай батыр төсектен аяғын түсіріп келген қонақтардың сәлемін қабыл алады. Қонақтарды қолын ңұсқап төр көрпеге оздырып жайғастырып ел амандығын сұрастырып, танитын қатарларының атып атап атақты Байсейіт бидің сырқат екенін, Жанғұты бидің қажылыққа кеткенін естігенде «Жылда асып қалды, екеуіде хабарласқан жоқ еді, арыстарым аман болсын» деп мұңайған қалып танытты. Ағаш төсекте жантайып жатып ішетіндей биікше кең столға шәй дастарханы жасалып жатқанда Ағыбайдың емеурінімен есік алдына әкелінген жабағыға Жуасбай ақын бата жасады. Шәй іше отырып Ағыбай батырдың жұмсақ мінезіне қаныққан Әлихан өзін таныстыра келе:

- Батыр ата, - деді Әлихан салмақпен сөзін бастап - жол жөнекей Сізден үш сұраққа жауап іздеп, батаңызды алуға ниет етіп келдім.

- Сұра, балам, - деді Ағыбай батыр орнынан қозғалақтап, оңтайланып жатып бетін Әлиханға қарай бұрып көтеріле отырды.

- Сұрасам. Ердің әруақтысые көрдіңіз бе?

- Аттың тұлпарын көрдіңіз бе?

- Әйелдің сұлуын қайдан көрдіңіз? Осыларды білгім келеді, - деді Әлихан.

- Айтатым, балам. Оны неге сұрадың? - деді Ағыбай батыр.

- Нағыз батырлар осының үшеуінен шет болмаса керекті еді, - деді Әлихан.

- Тыңда, Балам! Осы өзің қатарлы жас кезім еді, Қасым төренің қоластына барып Саржан батырмен танысып, жасағына еріп жүрген адуынды шағым. Ертеңгісін Саржан батыр жатқан жерінен ұшып тұрып: «Ағыбайжан, қайдасың? Жау келіп қалды ғой. Тез, атқамініңдер. Мына тауды бұрып алмасақ, жау бізді алады. Тауды бұрын алайық!» - деді. Жанталасып Ақбастауға келіп шықсақ, арғы жағында дала толған кісі, қаптап келеді екен. Саржан: «Шыққыр көзім, шықпасаң, дұрыс болжа, - деп бір шола қарап.

- Апыр-ай! Ағыбайжан-ай, 600 кісі екен ғой! - дегенде: Қайда жүріп болжап қойды? -деп қарасам, бұрынғы көзіме тым қораш көрініп жүрген батырым өзімнен анағұрлым өсіп кеткен екен. Сол жерде «Ердің әруақтысы Саржан батыр» - екен деп мойындадым.

Екінші сұрағыңа - Атамекен Бұғылы-Тағылыда найза ұстап, қынабынан қылыш суырып қырықтағы қамал бұзар шағым, - деп, Ағыбай сөзін жалғастырды. Астымда Көкбесті деген атым бар. Осы кезде «менен артық жігіт, Көкбестіден артық ат жоқ» - деп жүргенде бір күні ауыл сыртына көп адам келіп: «Сөйлес-ау!» деген соң өзім шығып сөйлестім. «Мен Саржан батырмын» - деп дыбыстарды. 60 қаралы адам екен, үй тігіп, түсіріп қонақ еттім. Саржан батыр аты шыққан ер болғанмен, көзіме өзі де, аты да атағына сай емес қораш көрінді.

Ертеңгісін «Ағыбайжан келсін» деген соң барып едім, «Ағыбайжан, «Арқада жолдас болуға жарайтын сен» деп іздеп келдім. Ақбастауды орыс алып, қазақтарды күнде шабатын көрінеді. Мен 60 адам, сен 40 жігіт қасыңа ерт, 100 кісі болып соған барайық» - деді. «Жарайды» өдеп, жүз кісі аттандық.

Жер шамасына барған соң: «Ағыбайжан, жау тақау, бүгін ат терін алайық», - деді. Содан соң шабатын аттарды қалдырып, өзіміз алға оздық. Ол кісінің астында тайдай ғана Аққасқа аты бар. Ілгері ұзап шыққан соң, мінген аттарымыздың қарымын байқау үшін бір жүгіртіп алуды ойладық. Атқа шабатын жігіттерді сайлап, керме тартып, ат қостық. Мен ойладым: «Аман болса, Көкбесті атым келер», - деп. Әлден уақытта бағанағы тайдап ғана ат Саржаның Аққасқасы келді. «Апыр-ай! Көкбестіп ат жығылды ма, қалай болды, неге қалып қалды?» - деп мазаландым. Бір мезгілде аман-сау менің атым да келді. Кермеге байлап: «Неліктен болды екен», -деп кермеге барсам, Саржанның тайдай Аққасқасы Көкбесті аттан анағұрлым өсіп, шоқтығы биіктеп кетіпті. «Аттың тұлпары екен ғой, бойын жасырып тұратын», - деп бағалап сабама түстім.

Үшінші сұрағыңа айтарым: Қазақ пен өзбек көп шабысқан ел ғой. Ұлдары – құл, қыздары – күң болып екі ара теңдіксіз болып тұрды емес пе?

Найман руына берген қарындасым бір шапқыншылықта өзбекке қолды болып кетті. «Бұл болмайды екен», - деп қырық кісі алып бітімге бардым. Өзбектің Әлімқұл деген ханы бар екен. «Қазақтың Ағыбай батыры бітімге келе жатыр екен» дегенді естіп, «оған кім теңлік береді, мені сейілге кетті» деген сылтаумен қайырып жіберіңдер! – деп үйінен кетіп қалыпты.

Мен барған соң шатыр тігіп, «Соңға түсесіз?» - деп еді, «Хан ордасынан басқа жерге түспеймін» - деп Әлімқұлдың ордасына түстім. Үйге кіріп келгенде есікті ашқан бір әппақ әйел маған жалт қарады. Сол күнде менің сан кісіден бетім қайтпайтын уақытым еді, әйелдің көзіне көзім тұрақтамай тайықсып кетті. Бұл Әлімқұлдың ақ тоқалы екен. Оның да назар маған ауған сияқты. Әйел де мені ұнатқан сыңайлы болған соң елге ақ тоқалды да алып кетпекші болған жеңілтек ой басымда шыңылдап тұрып алды. Сол жерде ойлана келіп: «Қой, келген жұмысымды тастап, бір ұрғашыға қызыққаным болмас» деп өзімді өзім тоқтаттым да, асығыс Әлімқұлды шақырттым. Әлімқұл да келіп: «Бұл маңқа қазақ не іздеп жүр, сонау Арқадан?» - деп үйге кіре берді.

Сол сәт: «Мә, саған маңқа қазақ» деп Әлімқұлдың басын шаппаққа қылышымды суырып алып тұра ұмтылдым.

- Дат, Ағыбай батыр! «Ер шекіспей бекіспес, достыққа – төсім» - деп құшағын жая ұмтылды. Өз кінәсін мойындап кешірейген ханға кешіріммен қарап қылышымды қанабына салдым. Сонымен, Қазақ - өзбек мал шабысса да адамды тұтқынға алмауға, ұлын – құл, қызын – қүң етуді тоқтатуға уағдаластық. Содан бері қолға түстен адам болса, өзбек – қазаққа, қазақ - өзбекке қайтаратын болды. Мына қазақ ішіндегі өзбектер бұл бітімнен бұрыңғылар екен. Әйелдің сұлуын сонда көріп Әлімқұлмен достасып қайттым. Нәтижесінде, 1864 жылы Түркістанды қорғауға, Генерал Берепкин (Веревкин) дегеннің әскеріне тойтарыс беруге батыр деп жүрген Спатай қашып кеткенде Әлімқұл ханның әскері қол ұшын беріп көммекке келді.

Міне, балам үш сұрағыңның жауабы.

- Рақымет, ата! Үш жауабыңызда да батырлықтың, ерліктің салтанаты биік тұр. Енді біздерге айтар өсиетіңізді айтыңыз, батаңызды беріңіз? Бар бүйімтаймыз осы – деп орынынан тұрып барып қос қолдап құшақтап, қос жауырынан қағып-қағып «нағыз батыр сіз екенсіз» деп екі үш қайталап орынына отырды.

Тершіген маңдайын сүртіп, денесі бусанып Жуасбайдың домбырасын қолына алып бірер қағып жіберді де, қарлыққан қоныр даусыменен сөздерін анық естіртіп ұзақ термелеп іштегі шерін шығара аңдасаңда бір демалғандай кең тыныстанады.

 

 

Көңіл сұрай келдіңдер,

Жан тапсырарда Аллаға.

Емтігің келсе Өсиет,

Ризамын адал қазаға.

 

Тлім сайрап жатқанда,

Басымды көтерт, жастық қой.

Лөсемім болып хан Кене,

Асудан талай астық қой.

 

Айналайын, Науаным,

Қолдан шығып кетті ғой.

Бірге өлем деп Ағаммен,

Өлімге басын тікті ғой.

 

Серіп боп бірге ермеді,

Қол жинап қайта келүге.

Әуселесін қырғыздың,

Спартрймен қосып көруге.

 

Науан қолға түспесе,

Кенекем ажал таспас ед.

Қазақтар қайта шабад деп,

Ханның басын шаппас ед.

 

Аңғалдығы батырдың,

Себеп болды ажалға.

Найза боққа қадалды,

Кенекем ажал тапқанда.

 

«Акке, көке» деуші еді,

Жас баладай еркелеп.

Туар ма, шіркін, Науандай,

Қыздарымыз енді еркек.

 

Осы өкінішт жүректе,

Кетіп барады өртеніп.

Азаттық үшін хан Кенем,

Күрескен еді серт етіп.

 

«Ақжолтай» деп ардақтап,

Қол бастатқан қамалға.

Сатқындықтан сан соғып,

Хан Кенем кетті арманда.

 

Мың жігітпен аттандым,

Ақ найзамды қолға ұстап.

Қасиетті Түркістанды,

Азат еттім қол бастап.

 

Сол алпыс бес жасымда,

Жолбарыстай қайратты ем.

Кәрілік жеңді қайтейін,

Арыстандай айбатты ем.

 

Ал енді бата берейін,

Қарсыласпаңдар орыспен.

Күшті ел болды қарулы,

Жеңе алмайсыңдар соғыспен.

 

Әлихан балам Абайды,

Қастерлейді – Хақім деп.

Өлеңдері жыр емес,

Тұнып тұрған ақыл деп.

 

Даналар туса Абайдай,

Батырлар туса Науразбай.

Арта берер бақтарың,

Азаттық таңы атқандай.

 

Пірәдірім Мамытқа,

Айшықтап күзбез соққыздым.

Ұмытпаңдар мені де,

Жақындай түсті соңғы күн.

 

Өніп өссін, қазағым,

Жауын женген қалмақтай.

Үш жүздің басын қосатың,

Хан туар ма Абылайдай.

 

Құд-құтан долып тозбаңдар,

Ерліктер жолы жалғассын.

Әлихандай ұлың бар,

Басқарар қазақ Ордасын.

 

Қазақтың жерін қазаққа,

Сытты орыстың жері деп,

Алынды құжат-Паспырты.

 

Соғысқа салды хан Кенем,

Барша қазақ жері үшін.

Қартайғанда алыстым,

Өлгенде жаттар дер үшін.

 

Қой үстіне бозторғай,

Жұмыртқалар ма, даламда.

Оқыған елдей қазағым,

Қоныстанар ма, қаламда.

 

Сәлемде барша қазаққа,

Зейнетін тапсын еңбектен.

Мен салдым қос торған,

Зая кетпесін тер төккен.

 

Найза, қылыш заманы,

Өтті білем біздермен.

Оқу, білім заманы,

Басталады сідермен.

 

Кенекем мені ардақтап,

Ақжолтай батыр аталады.

Қайратыма шыдамай,

Сөгілді жаудың қатары.

 

Елім үшін қан кештім,

Ерлігімді асырып.

Мадақтады ақындар,

Шалауына жыр шашып.

 

Қара жер суық екен деп,

Қашамыз ба, ажалдан.

Туған соң өлмек бар екен,

Тіршіліқ еткен заманнан.

 

Біріңді бірің силаңдар,

Жұдырықтай жұмылып.

Ынтымақ, Бірлік сақтандар,

Ел қатарлы ұмтылып.

 

Қазақ деген нар халық,

Мың өлім мың тірілген

Жауына есе жібермей,

Өз орнын алған өмірден.

 

Кенекем маған салмақ сап,

Ақыл, кеңес сұрады.

Батырлар құптап қол бастап,

Орындалды мұраты.

 

Ертекке қосты ел мені,

Тірісінде көзімнің.

Үлгі етті ұрпаққа,

Мәйегінталып сөзімнің.

 

Соғыстырды қалмақпен,

Абылай туы астында.

Ақауыз атым астымда,

Уатып өтер тасты да.

 

Жекпе жетке өлтіртті,

Қолба деген батырын.

Ауызна қақпақ қоям ба?

Айналайын халқымқымның.

 

Бағымды бастап асырды,

Азаттық үшін соғыста.

Бұғыбай, Иман, Жанайдар,

Серік боп жүрді қасымда.

 

Бұқарбай, Жәуке, Төлебай

Ұмытам қалай Шәкірді.

Найза, қылыш, сойылмен,

Жауына салған зікірді.

 

Жау емес маған Үйсінім,

Сүйінбай, Жамбыл шыққан ел.

Жырларын сусап тыңдадым,

Ерлікке үлес қосқан ел.

 

Спатайдың батыр деп,

Жырына Жамбыл қоспаған.

Қатағанды жеңген Сүйінбай,

Арқа үйерім деп айтпаған.

 

Жетпе жекте Бөлтірік,

Ағыбайды жеңген деп

Айтылып жүрген қауесет,

Спатайдың сөзі тек.

 

Үш рет аттан түсіріп,

Шыбын жанын сауға еттім.

Ер кезегі үш рет,

Енді өлерін ескерттім.

 

Бөлтірікті өлтірсем,

Белі сынар Үйсіннің.

Табасына қалармын,

Қалған көзі тірісінің.

 

Спартайды шақырттым,

Түркістанды қорғауға.

Бас сауғалап қаштты ол,

Қарсы шықпай қас жауға.

 

Шаппақшы болдым ауылын,

Қайта қозып ескі кек.

Баласын алдым кепілге,

Өзі іздеп келер деп.

 

Өзі іздеп келмеді,

Ажал тауып жат жерде.

Үйлендіріп баласын,

Қайтардым малмен еліне.

 

Озық туған бала екен,

Қасыңдағы Әлихан.

Көңіл сұрай келіпті,

Бата алам деп атамнан.

 

Үш сұрағы бойдағы,

Бар сырымды ақтарды.

Көп болса екеносындай,

Қазағымның жастары.

 

Кернейдің бас ақыны,

Тасболатұлы Жуасбай.

Жауап қатты жыр толғап,

Таудуан аққан бұлақтай.

 

Тарқатып шерін Батырдың,

Тілегін айтты халқының.

Ағыбай қайта тумас деп,

Шыңына шыққан ғасырдың.

 

Хан Кененің ақыны,

Дауылпаз жырды жырлаған.

Нысанбайдың мақамы,

Ұранға қосқан отты ұран.

 

Көтеріп рухын сарбаздың,

Алдыңғы саптан табылған.

Хан Кененің аманатын,

Жеткізіп елге толғаған.

 

Сол мақамды Жуасбай,

Есіне салды батырдың.

Елестетіп бейнесін

Талай - талай асылдың.

 

А, Сарыарқадай ел қайда,

Ағыбайдай ер қайда?

Демей ме халқым ертең ақ,

Ағыбай айтқан сөз қайда?

Қаза болған хан Кене,

Кекілік деген жер қайда?

Жасындай болған жауына,

Құрыш білек, нар кеуде,

Найзасын қанға боятған,

Наурызбайдай ер қайда?

Торқа болсын топырағы,

Пейіш болып қабыры,

Жаны болсын Жәннәтта.

 

А – ей, Кенесары Наурызбай,

Деп жырлайды бұл күнде.

Жанардан көз жас төгіліп,

Қосылып қобыз үніне.

Құлақ тосып тыңдаймыз,

Көзз ілмей ұзақ түндерде.

Ағакем менің – Ақжолтай,

Батыр деп арқа тұтамыз.

Ән мен күй арнап өзіңе,

Етеміз әлі Сізді аңыз.

Бұл аурадан айығып,

Сауықсын ләйім жаныңыз.

Бізді бастап келіп тұр,

Әлихандай балаңыз.

Ел тарихын зеріттеп

Дейді кітап жазамыз.

Азаттық үшін алысып,

Петерборда оқып жүр.

Қонамын деп күн болып,

Қараңғы қазақ көгіне.

Абайменен сырласып,

Қанат қағып білімге.

Ел боламыз деп ерікті,

Артынан ерлер еріпті.

Батырларлар төккен ыстық қан,

Бостандық үшін төгілгей.

Хан Кененің аманаты,

Жеңістерге жеткізгей.

Өзіңіз айтқан өсиет,

Ұран болсын біздерге.

Бар баласы Алаштың,

Алдыңа келер әлі де.

Өсиетіңді естіп бата алып,

Таратар қазақ жеріне.

Баталы күн, бақ күндер,

Орнар әлі-ақ төріме.

Сол күндерге жеткізер,

Ерлігіңіз Сіздердің.

Кенесары – Наурызбай,

Бұғыбай, Иман, Жанайдар,

Бұқарбай, Жәуке, Төлебай,

Шәкір, Дулат, Меңдібай,

Асып тұған ерлерді,

Ардақ тұтып еске алып,

Атап бата жасармыз,

Айқара ашып тәуелсіз,

Егемендіктің есігін, - деп тоқтаған Жуасбай ақынның иығына зерлі шапан жапты.

Әлиханның елім деп соққан жүрегінің дүрсілін сезгейдей Ағыбай батыр төсегінің тұсында ілулі тұрған күміс қынды, күміс сапты қылышын өз қолымен «өркенің өссін балам» деп сыйға тартқан Ағыбай батыр жол серіктерін де риза етіп бір-бір жылқы жетектеттіріп шығарып салғызды.

Ағыбай батырдың «Өсиет-батасы», Жуасбай ақынның өлеңі 1923 жылы жазылып алынғанға ұқсайды. Қайда сақталса да тозығы жетіп сарғайған араб әрпімен жазылан қағаздан жеті-сегіз шумақтың нобайын шығаруға мүмкіндік болды. Соның негізінде осы өлеңжыр қағазға түсті.

Ағыбай батырдың туғанына 200 жыл толғанда туған немеремнің атын Ағыбай қойып, қос тойды бірге атап, шілдеханасын өткізіп бесікке салдырдым. Тұңғыш немеремді өзім тербетіп, өзім әлдиледім. Сондағы әлдилеген өлең-жырды немеремнің өзі оқысын деген ниетпен ақ қағазға түсіріп, кітапқа кіргіздім.

Әлди де, әлди, Ағыбай,

Әлдилесем мен сені,

Жыр келеді ағындап,

Ашқандай асыл көмбені.

Тыңда, Ағыбай әлдиді,

Әжелер салған сазбенен.

Жылағн саған жараспас,

Тербетейін жәйменен.

«Ағыбай келеді тауменен,

Кездесуге жауменен.

Ақ найзасын ойнатып,

Шағылысып күнменен.

Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күреңді де мінерсің.

Сыңғырлатып күлкісін,

Сұлуды да сүйерсің.

Алты қырдан естілер,

Тұлпарының шабысы.

Күндік жерден естілер,

Ағыбайдың дауысы.

Қыздар ғашық болады,

Ағыбай деген атыңа.

Олжа салар батыр бол,

Қазақ деген халқыңа.

Біздің бала Ағыбай,

Құйып қойған алтындай.

Ақылы қонсын Абайдың,

Суалмайтын бұлақтай.

Айдай біздің – Ағыбай,

Күндей біздің – Ағыбай.

Күндей болып күлімдеп,

Гүлдей берші, Ағыбай.

Ағыбайдың қыстауы,

Алатаудың саласы.

Ағыбайдың жайлауы,

Сарыарқаның даласы.

Ағыбай деп ән салар,

Жетісудың бұлбұлы.

Ағыбай деп күй тартар,

Атыраудың күйшісі.»

Туғаныңды мақтан ет,

Ұлы болып қазақтың.

Қазыбек туған топырақ,

Елің сенің, Ағыбай.

Ағыбай өскен топырақ,

Жерің сенің, Ағыбай.

Осындай елдің қаны бар,

Ағыбай сенің бойыңда.

Атадан қалған үлгі бар,

Ағыбай сенің жолыңда.

Жарты өмірін қан кешіп,

Соғыспенен өткерді,

Бабаң сенің, Ағыбай.

Ардақ тұтып хан Кене,

Атады сыйлап Ақжолтай.

Бұл соғысқа қатысты,

Ұлы бабаң Бағыс та.

Бейіті жатыр күмбезді,

Қараоба ата қоныста.

Селтей, Толағай, Ақсеңгір,

Қайрақтының өзенін,

Бойлай қонған жарасып,

Қалың керней өз елің.

Ағыбай бабаң аңсаған,

Азат елдің төрінде,

Тәй - тәй басып келесің,

Тірегі болар ұл боп өс,

Қазақ деген еліңе!

 

Осы кітапты баспадан шығарушы қаржыгер ИІПБЕРГЕНОВ СӘБИТ ӘЛИМХАНҰЛЫ сапалы ғұмырын Жамбыл облысындағы ең ірі Шу аудандық Халық Банкін 22 жасынан 22 жыл басқарды. Ауданның зиялы қауымының, іс басындағы басшыларының алғысына бөленді. Ұл мен қыз өсірген үлкен шаңырақ иесі. Ірі ұйымдастырушы, ұлтжанды азамат.

Біздер Шу ауданында таныстық. Өтпелі кезең дүрбелең алған кезде Алматыда табыстық. Ол жеке кәсіпкерлік-бизнесте қаржыгерлік білімін, асқақ талабына, тарлан талантына, биік мақсатына жұмылдырып келеді. Бизнес биігінен көріне бер, ардақты інім.

Жаңартылды 05.09.2012 10:31
 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңғы >>

2 мен 2 беттер
, Powered by Joomla! and designed by SiteGround web hosting