Батыр туралы халық аңыз-ертегілері, жырлары


Батырдың үш өкініші PDF Басып шығару E-mail
30.05.2012 14:56

Батырдың үш өкініші

(Ел аузынан)

Жасымнан өстім жырды жаным сүйіп,

Мазмұнын мағыналы ішке түйіп.

Сусыным қанша естісем қанбаушы еді,

Алардай бір басыма бәрін жиып.

Жаңартылды 05.09.2012 10:21
Толығырақ...
 
Ағыбай күмбезі (Сырбай Мәуленов) PDF Басып шығару E-mail
30.05.2012 14:21

АҒЫБАЙ КҮМБЕЗІ

(Сырбай Мәуленов)

 

Қазақтың маңдай алды мақтаулы ері,

Тайатқан-Шұнақ оның жатқан жері.

Ол жайлы айтыс-тартыс көп болса да,

Келеді көкірегінде сақтап елі.

Жаңартылды 05.09.2012 10:17
Толығырақ...
 
Ағыбайдың солдатты сабауы PDF Басып шығару E-mail
04.05.2012 12:42

Қарқаралы дуанына Шалғынбай деген төре сұлтан еді. Мен Шалғынбайдың сарайына жұмысым болып барып едім. Қарқаралыға жандарал келді деп, Қарқараладағы дуанға 20 болыс ел жиналды. Кісі көп болды. Бір мезгілде Ағыбай батыр келді. Қартаң тартып қалған кәрі екен. Сақалы аппақ. Астында ақбоз аты бар, жанында қанжары бар, қолында қамшысы бар. Неше мың кісіден иығы асып көрініп тұрды.

Бір кезде бір казак-орыс келіп, атыңды мінемін деп, Ағыбайдың тізгінінен ұстай алды. «Қой, менің атыма тиме, анау жұрттың атын-ақ міне бер» деді. Казак-орыс болмай, тізгінін жібермеді. Сонда Ағыбай әлгі казак-орысты екі рет тартып жіберді. Казак-орыс етпетінен түсті. Әлден уақыттан кейін тұра келіп, дуанбасы майордың үйіне жылап кіріп кетті. Артынан жүгіріп біз де келдік. Орыс базын изеп, майорға келіп жылап тұр екен. Майор ашуланып: «Неге мынау жылап тұр?» деді. «Осында та мінем деп едім, Ағыбай деген шал қамшымен ұрып жықты». Майор ашуланып: «Шақыр Ағыбайды» деді. Ағыбай бір мезгілде келді. «Сен мынаны ұрдың ба?» деді майор. Ағыбай өзі тынышсыз өскен қандай орыс еді, осында екі-үш мың жиналған кісінің атын мінбей, менің атыма жармасты». Майор Ағыбайдың бетіне қарап үндемей отырды да, майордың қасында отырған Шалғынбай сұлтан: «Тақсыр, мұны мен бітіремін» деді. Майор : « Но жарайды» деді. Шалғынбай қалтасынан әлгі казак-орысқа ақша берді. «Кешке тағы маған кел, риза қыламын» деді. Егер майор бірдеңе десе, Ағыбай қанжарын салып алайын деп шұқшиып тұр екен.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультетінің аға оқытушысы – Бисенбаев Пазылбек

Жаңартылды 05.09.2012 10:21
 
Ағыбайдың Құнанбаймен қақтығысы PDF Басып шығару E-mail
03.05.2012 12:37

1861 жылы жазда Баянауыл ауылында «Ақ келін» көлінің жағасында отырған Шорманның Мұсасы (1819-1887) деген заседательдің үйіне Ағыбай батыр келеді. Ол үйде Құнанбай Өскенбаев (1802-1883) Қарқаралы дуанының аға сұлтаны отыр екен. Құнанбай Ағыбайды бұрын көрмеген екен, тек атын ғана естіген. Қарапайым киінген Ағыбайды көріп, Мұса Шорманұлына: «Мына батырың кім? – депті. Сонда Мұса мырза: «Бұл кісі - өзіміздің ағай, кім екенін өзі айтар, - дейді. Сонда Ағыбай батыр өткір көзін Құнанбайға қадап:

Жаңартылды 05.09.2012 10:27
Толығырақ...
 
Хан Кене, ер Ағыбай, батыр Науан PDF Басып шығару E-mail
03.05.2012 12:34

Хан Кене, ер Ағыбай, батыр Науан

О, хан Кене!

Таптады жау ата жұрт, салтыңды да,

Жан қысылып кеудеде алқынды ма.

Күш жұмсадың жинауға біріктірер,

Шашыраған тарыдай халқыңды да.

Басыңды алтын тіктің де күніне өлім,

Рахатын көрмедің дүниенің.

Қазағыңды тәуелсіз ел етуге,

Ат үстінде өткіздің сүріп өмір.

Кәпірдің де негз бар қорқуында,

Жолбарыстай жүрдің сен жортуылда.

Қорқау қасқыр сияқты бұқпантайлап,

Ездер тұрды патшаның қолтығында.

Бұлт қойылып еркіндік аспанында,

Алай-түлей болды әлем қас-қағымда.

Сәл осалдық танытсаң айбат қылмай,

Тұрды жауың құзғындай бас салуға.

Халқың үшін қажымай қайрат қылып,

Жауға шаптың атқа да жайдақ мініп.

Тіршілікте жаныңа тыным бермей,

Арыстандай мерт болдың айға атылып.

Қазағыңа қашан да берді ме ерік,

Қасиетті өртеді жерді келіп.

Бүгінгі күн ұл-қызың марқаяды,

Сен аңсаған тәуелсіз елді көріп.

Кешті халқың не сұмдық, сұрқияны,

Мешеуліктің торлады бұлты ұяны.

Өз алдыа ел болып отау тіккен,

Тәуелсіздік көңілге нұр құяды.

* * *

Өміріңде жан емес бұғып көрген,

Ақыл, айла, сенім мен үмітке ерген.

Батырға тән ежелгі әдетпенен,

Бірде Ағыбай шолғынға шығып келген.

Батырлығы шығарсын төске мұны,

Толмай отыр ісіне еш көңілі.

Хан алдына бар сырын жайып салды,

Көкжал болып даланың өскен ұлы.

- Тыныштыққа маужырап аймақ тұнған,

Ай жап-жарық жұлдыздар жайнап тұрған.

Таң алдында үнсіздік бұзылды да,

Бір қарайған көрінді жайлап қырдан.

Жазық бетке түсті де құйындатты,

Ат тұяғые боз көде сүйіп жатты.

«Қайт, қайт кейін өлесің!» - деп айқайлап,

Қарсы шаптым келді де жыным қатты.

Ағызып кеп найзамды қағып қалды,

Қолдан шығып көдені қауып қалды.

Денеме ұшын дарытпай ту сыртымнан,

Содан кейін ол найза салып қалды.

Атымды да кеуделеп ысырғаны

Бір-ақ түйреп қаңбақша ұшырғаны.

Боз көдеге топ еттім есім ауып,

Өкінішке өртеніп ішім жанды.

Батырлардай шыныққан жорықтағы,

Менен өзі именіп қорықпады.

Найзамды іздеп таппадым есеңгіреп,

Түс көргендей аң-таңмын болып тағы.

Оңға басып жүрсе ісім бұрын,

Сол салт атты көрсетті ісін мығым.

Өмірімді мұндайды көрмеп едім,

Шындыққа айналды түсім бүгін.

Жаумен жастай ұнаттым алысуды,

Шабуылды, жорықты жаным сүйді.

Тірі өлік боп оралсам дел-сал болып,

Ақ ордада найзам тұр шанышулы.

Пәс көңілі тұнжырап бүгіліпті,

Бас батыры Ағыай сырын ұқты.

- Найрызбай шығар бұл ойнап жүрген, -

Деп хан Кене сәл ғана жымиыпты.

Ақжолтай Ағыбайдан шұбыртпалы,

Осы әңгіме қалды елі ұмытпады.

Ет-сүйектен жаралған батыр да аңғал,

Болатынын жұртшылық ұғып қалды.

* * *

Төнсе де аймағы мен басқа қауіп,

Киіктей дүркіреп ел қашпады ауып.

Хан Кене мініп алған қаһарына,

Қылышын отыр өзі тасқа шауып.

- Көрсетпей батырға тән сом қылықты,

Таныттың табансыздық, олқылықты.

Аяқсыз қалдырмастан хан жарлығын,

Салмадың неге жөнге Бөлтірікті?!

- Хан ием, қазағымның баласы да ол,

Бар ма еді Бөлтіріктен аласын мол.

Сенді ол қорғайды деп Қоқандардан,

Алайық ажыратып арасын сол.

Адамның билемесін қанын желік,

Алмаймын елін шауып, малын бөліп.

Ескертіп Бөлтірікті қоя бердім,

Қазақтың не қылайын арын төгіп.

Батыр да, қара менен алып та адам,

Таңдаса адал жлды тарықпаған.

«Нең сенің шауып алаң кетеді» - деп,

Хан Кене жылы шырай танытпаған.

Қаһарын ашуланып шақырғаны,

Түк әсер етпегендей аһ ұрғаны.

Ісінің дұрыстығын Ағыбайдың,

Қоштаған Науан, басқа батырлары.

Болса да әрі батыр, айлалы адам,

Достары құшағын көп жайған оған.

Алатау жорығында Ағыбайды,

Бірақ та бас сардары сайламаған.

* * *

Жорық біткен алатын үрейін ел,

Кең даланы көделі сүйеді жел.

Ел ішінде тыныштық орнаған соң,

Жер қадірін Ағыбай біле білген.

Кеше өрде, бүгін тау етегінде,

Бос арманның кетті ме жетегінде.

Белден шешіп қаруын тоған қазды,

Егін егіп тұрмысын көтеруге.

Жауға шапса айлакер, алғыр адам,

Дүние жиып, дан емес мал құраған.

Азық іздеп Ағыбай елге кеткен,

Тамақ тапшы, ағайын қалжыраған.

Қиындықтан кетпеген жүнжіп тегі,

Өтті күннің тер төккен жылдып көбі.

Жәмші өзені бойында қауырт қимыл,

Тоған қазған ұнайды ел тірліктері.

Арқа жаққа жетелеп жүрегі ерді,

Бар екені тұстасы біле келді.

Тоған қазып шаршаған ағайынға,

Бөлтірік би ат басын тірегені.

Сырттан келген әуелі шолар маңын,

Танымаса бола алар ділдәгел кім?

Бөлтірік би сұрады сәл кідіріп:

- Қазып жатқан кімдікі тоғандарың?

- Біреуге жеке басы, малы қайғы,

Біреуге азаттықтың таңы ұнайды.

Қазып жатқан бұл тоғай батырдікі,

Білетін шығарсыз сіз Ағыбайды?

Мамыражай қалжырап тұрған жұртқа,

Шығармастан сырын да бірден сыртқа.

«Ағыбайдың тоғаны» деген сәтте,

Атын шалған Бөлтірік құрбандыққа.

Бұл жайды есітіп Ағыбай қайран қалған,

Қуанышын бүге алмай жайраңдаған.

«Бөлтірік пен ағыбай тоғаны» боп

аталсын! – деп аймаққа айқайлаған.

Қас дұшпаннан қорғады аймағын бай,

Ағайынға құшағын жайған ұдай.

Тоғаны Ағыбай мен Бөлтіріктің,

Қос батырдың айнымас достығындай.

Адалдықты, достықты таныпты ерден,

Жомарттығын, мәрттігін халық көрген.

Ағыбай мен Бөлтірік нақты ісімен,

Сара жолын ізгілік салып берген.

Ажырамай елінің ынтымағы,

Айы туып оңынан, күн шығады.

Қос батырдың тілегі болып,

Ұл-қызы өсіп, туған жер құлпырады.

* * *

Ағыбай бас батыры хан Кененің,

Жорықта күш-қайратын, салды өнерін.

Қызғыштай қорғай білді кең даласын,

Кемедей қайырылып қалған елін.

Арбасқан өмір, өлім қатал сынға,

Бел шешіп, түсті батыл жата алсын ба?

- Ағыбай жолы болғыш бас батырым,

Ақжолтай, - депті Кене, - аталсын да.

Жанары қыран құстай шашқан жалын,

Жорықта көп сынады жастай бағын.

Айырылып хан Кенедей серігінен,

Өкініп тістей берген бас бармағын.

Батырдың қапаланар жөні барды.

Төтелеп төске салған жолы қалды.

Ұлтандай иеленер жер бұйырмай,

Ақ патша, жандайшаптар бөліп алды.

Көрсетті қаһар төгіп күш қаттыға,

Жауына тіршілікте ұстатты ма?

Шұбырмалы Ағыбай атанса да,

Көрді ғой шет қағу мен қыспақты да.

Кешегім сағымдай боп бұлдыр қағып,

Туды ғой аңсап күткен күн бір жарық.

Елтаңбам арайлана жарқырайды,

Әнұран көкті керней күмбір қағып.

Теңіздей ашық аспан мөлдірейді,

Болғанын ұзағынан ел тілейді.

Ағыбай батыр кеше арман еткен,

Тәуелсіз ел жалауы желбірейді.

* * *

Хан Кене, ер Ағыбай, батыр Науан,

Дұшпанын лқымға алып тақымдаған.

Ерлігін арыстардың мәшһүр етіп,

Абыздай жыр төгеді ақын Далам.

Кең Далам, батыр Далам нар тұлғалы,

Төсінде қылыш, найза жарқылдады.

Кеудесін айқара ашып тыныстады,

Атқанда тәуелсіздік алтын таңы.

Далам Ер қайратына еміренген,

Кәпірлер айбатынан көріне енген.

Елінде ауыз бірлік болмаған соң,

Доңыздар емін-еркін төрінде өрген.

Тарихын – өткен жолын өшірмеді,

Жылжыды тәуелсіз ел көш ілгері.

Жұлдызы қайта туып қаһармандар,

Ұрпаққа ұран болды есімдері.

Еліне ұлтарақ боп төселер кім,

Ерлігі ұмытылмас көшелі Ердің.

Қашанда ардақ тұтар арыстарын,

Ұланы ынтымақты өсер елдің.

Танытып бар әлемге қазақ атын,

Ел басында Нұрсұлтан азаматым.

Көкірегі ояу, көзі ашық өсті ұрпағың,

Тарихтың жаңа бетін жаза алатын.

Жеңіс Қашқынов

Азия Транзит. – 2011. - №11.

Жаңартылды 05.09.2012 10:27
 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 Келесі > Соңғы >>

2 мен 3 беттер
, Powered by Joomla! and designed by SiteGround web hosting