Ағыбай батыр ескерткіші Басып шығару
30.09.2011 06:48

 

Жоба авторы - белгілі қарағандылық мүсінші Жаубасар Қалиев, ҚР сүретшілер Одағының мүшесі, Ленинград көркем академиясының түлегі. Ол өз шығармашылығын қазақ ұлттық монумент өнеріне арнады.

Мүсінші Ағыбай батыр ескертшімен 2002ж. бастап еңбектеніп келеді. Алғашқы нұскауларын жасау барысында, ол Ағыбай батырдың 60 жасында түскен суретінің кошірмесіне сүйенген. Сүреттің түп нұсқасы Эрмитаж қорында сақталған.

>Ескерткіш Балқаш қаласының 70 жылдық мерейтойын өткізу кезеңінде орнатылды. Мүсінші Жаубасар Қалиев Ағыбай батырдың портреті сақталмағандықтан, батыр бейнесін құрастыруда замандастардың сипаттамаларын қолданды.

Батыр ат үстінде, қолында найза.

 

Ағыбай Қоңырбайұлы 1802 жылы Ұлытау етегінде дүниеге келді, шыққан руы – арғын – шұбыртпалы. Ол Кенесары ханның адал досы және бірінші әскери кеңесшісі болған.

Кенесары әскері Ағыбай батырдың қолдауымен патша әскері мен қырғыздың Орман атты манаптың қолына қарсы шайқастарда жеңіске ие болған. Өмірінің соңғы жылдарында Тоқырауын өзенінің жағалаунда жер шаруашылығы және балық аулаумен айналысып, қазақтарды осы кәсіптерге үйретіп келген. Оңтүстік Балқашта Ағыбай батыр ағартушылық қызметпен шұғылданып, мешіт салдырады.

Ағыбай батыр 1885 жылы Балқаш өзенінің маңайындағы Тасарал атты жерде қайтыс болады. Қолбасшы Сары арқа даласы мен Бетпақдала молдаласының торабында жерленген.

 

Ескерткіш демеушілердің қаржысына салынған. Ірге тассыз оның құны 30 млн тенге, оның құрылысына мемлекеттік қаржы жұмсалмалған. Салмақты үлесті қосқан «Түсті металл оңдеу зауыты» АҚ, жеке азаматтардың да ақшалай көмегі көрсетілді.

 

1992 жылы Айыртау-Сопыда республикалық көлемде Батырдың 190 жылдығына арналған мерейтойына байланысты үлкен іс-шара өтті. Облыс жұртшылығы 2002 жылы Батырдың 200-жылдығын кеңінен атап өтті, 2007 жылы Балқаш қаласында батырға ескерткіш орнатылған.

 

Жаңартылды 16.08.2012 14:13