ШҰБЫРТПАЛЫ ШЕЖІРЕСІ _2 Басып шығару
26.01.2012 06:09

МАРАТ ӘБСЕМЕТОВ

ШҰБЫРТПАЛЫ ШЕЖІРЕСІ

ҚАЗАҚТАН – Ақ арыс (Ұлы жүз), Бекарыс (Орта жүз), Жанарыс (Кіші жүз) туады.

БЕКАРЫСТЫҢ бәйбішесінен: Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ туады; тоқалынан: Керей, Уақ.

АРҒЫННАН – Айт, Айтқожа туады.

АЙТТАН – Тарақты туады.

АЙТҚОЖАДАН бірнеше атадан Қарақожа туады. Қарақожа атақты Тоқтамыс ханнын бас батыры мен әділ биі болған. Сонымен қатар жолы болғыш адам болған. Сол себептен ел оны Акжол би деп атап кеткен.

ҚАРАҚОЖАДАН – Ақ софы, Қара софы, Момын софы, Арық софы, Мейрам софы.

МЕЙРАМ СОФЫНЫҢ бірінші әйелінен: Қуандық, Суйіндік, Бегендік, Шегендік. Екінші әйелінен Күнбибіден Шұбыртпалы (шын аты Темірқожа), Тоқтауыл. Үшінші әйелінен Қарқабаттан – Қаракесек (Болатқожа) туады.

ШҰБЫРТПАЛЫДАН бірнеше атадан Шашбек туады. Аңыз бойынша Шашбек Қадырғали Жалайырдың жан жолдасы болған. Кенесары көтерілісінен кейін жерсіз қалған шұбыртпалы мен жалайыр рулары, ескі заманның достық қарым-қатынастарын еске алып, одақтасып Шу бойында Арғын-Жалайыр болысын құрған. Кейін XIX ғасырдың аяғында жалайыр елінің көпшілігі Жетісуға, Арасан-Қапал жағына көшкен еді.

ШАШБЕКТЕН үш бала туады: Мәмбет, Үмбет, Олжабай.

1) ШАШБЕКТІҢ бірінші баласы МӘМБЕТТЕН – Жолшы.

ЖОЛШЫДАН Қара, Жанайдар туады.

ҚАРАДАНКөкала, Өтес туады.

КӨКАЛАНЫҢ шын аты Жаулыбай батыр. Тауке хан заманында көп ерлік көрсеткен Жаулыбай батырдың туы көк-ала түсті еді, сондықтан Көкала боп атанды.

ӨТЕСТЕН Тоғанас. Тоғанастың бәйбішесінен Бөгенбай мен Қаратоқа, тоқалынан Отарбай мен Атарбай туады. Бөгенбай ақ атанға қара күйе жағып содан Күйелі атанған. Күйелі мен Отарбай – бір ата боп есептеледі.

ЖОЛШЫНЫҢ екінші ұлы ЖАНАЙДАРДАН егіз тұған Сығаман мен Сары - бұлар да бір ата боп есептеледі.

2) ШАШБЕКТІҢ екінші баласы ҮМБЕТТЕН – Акжол мен Балташ туады. Акжол өз заманында батыр болған адам қасынан балта тастамайды екен, сондықтан Балталы атанып кеткен. Балташтан Төкен туады. Токен әрі батыр, әрі елші болған адам. Жонғар-қазақ соғысы кезінде Қаздауысты Қазыбектің тапсырмасымен Қазақ хандығынын атынан орыс патшасына елші боп барады. Қиын сапардан оралған Төкен батырға Қаздауысты Қазыбек: «Қырық руға пана болған батырым-ай»,- деген екен. Содан кейін Токен батыр Қырықру атанған дейді қариялар.

3) ШАШБЕКТЕҢ үшінші баласы ОЛЖАБАЙДАН - Құдайқұл мен Жантуған (бір ата боп есептеледі), Жиен мен Жауыс (бұлар да бір ата боп есептеледі).

ШҰБЫРТПАЛЫНЫҢ Қақсал, Төре, Қожа деген атадан тараған ұрпақтар бар.

Сонымен ШҰБЫРТПАЛЫДАН тарған ұрпақ мынау:

I. Бірінші баласы МӘМБЕТТЕН Жолшы:

ЖОЛШЫНЫҢ бірінші баласы ҚАРАДАН - КӨКАЛА, КҮЙЕЛІ, ОТАРБАЙ; екінші баласы ЖАНАЙДАРДАН - СЫҒАМАН, САРЫ.

II. Екінші баласы ҮМБЕТТЕН:

БАЛТАЛЫ, КЫРЫҚРУ.

III. Үшінші баласы ОЛЖАБАЙДАН:

КҰДАЙҚҰЛ, ЖАНТУҒАН, ЖИЕН, ЖАУЫС.

ЖАНТУҒАН

ЖАНТУҒАННАН - Сарыаяқ–Сәти, Өтеміс, Тамбай, Сүйіндік, Теңізбай туады.

САРЫАЯҚ–СӘТИДЕН Топан, Мырзабай (Ташкент шаһары қақпаларға бөлініп билегенде бір қақпа билігі сол кісіде болған дейді), Төлебай пан, Тілеулі туады.

ТОПАННАН (Түркістанда болыс, би болған кісі) - Әшкен, Ишан.

ӘШКЕННЕН – Жәдігер. Жәдігерден – Орынбасар. Ибаштан - Әбен.

ТӨЛЕБАЙ паннан - Жүсіп (Үнді Жүсіп атанған).

ЖҮСІПТЕН – Пісбас.

ПІСБАСТАН – Сары, Тәмпіш, Қабылбай, Көшікбай, Жартас туады.

САРЫДАН – Омар, Оспан, Жидебай, Айтбек. Оспаннан – Амангелды, Жамал, Құдайберген. Жидебайдан – Жұмагельды. Одан – Сәбит, Қарабек. Айтбектен – Шәймерден.

ТӘМПІШТЕН – Серікбай, Нәрікбай.

ЖАРТБАСТАН – Бүркітбай, Алтақай, Жұман.

БҮРКІТБАЙДАН – Жолдасбек, Қолдабек, Иманберді, Жүсіпбек, Жиенбай. Жиенбайдан – Аманбек, Әбдікәрім.

ЖҰМАННАН – Сәпи.

САРЫАЯҚ–СӘТИДІҢ КЕНЖЕ ҰЛЫ ТІЛЕУЛІДЕН - Өкшебай, Тәжібай, Қойлыбай, Аманбай, Сиқымбай Жанысбай, Ерімбет туады.

ҚОЙЛЫБАЙДАН – Жұмабек, Наурызқұл, Құрбанқұл.

АМАНБАЙДАН – Ыбырай, Сапар.

СИҚЫМБАЙДАН – Жүсіп. Жүсіптен – Шерхан, Ерхан, Қымбат, Салима.

ЖАНСЫБАЙДАН – Қасым, Ділдаш.

ҚАСЫМНАН – Нұрмахан (Нұрмұқамед), Жұмақан, Ермахан, Мадина.

ДІЛДАШ АПАМЫЗДАН – Шәрбек.

НҰРМАХАННАН - Әмірхан, Уәлихан, Бөкейхан, Батырхан, Рахия.

ЖҰМАХАННАН – Қарима, алима, Шоқан.

ЕРМАХАННАН – Рәзия, Рахима, Жанар, Батыр, Серік.

ТІЛЕУЛІНІҢ КЕНЖЕ ҰЛЫ ЕРІМБЕТТЕН – Бүрлібай. Бүрлібайдың бірінші әйелінен Ахмет, Жақып туады. Екінші әйелінен – Бұхарбай, Ақжол.

ЖАНТУҒАННЫҢ БАЛАСЫ СҮЙІНДІКТЕН – Ақжол туады.

АҚЖОЛДАН – Мырзабай, Нұрбай, Қамшыбай.

ҚАМШЫБАЙДАН – Жүсіп.

ЖҮСІПТЕН – Ізтілеу, Әуелбек.

ІЗТІЛЕУДЕН – Бақтығұл, Төленбай.

ТӨЛЕНБАЙДАН – Асқар, Нұрлыбек.

ӘУЕЛБЕКТЕН – Фазылбек, Әділбек, Қыпшақбай.

ФАЗЫЛБЕКТЕН – Қонысбай, Орынбасар, Оңғарбек, Омарбек.

ӘДІЛБЕКТЕН – Сәрсенбек, Слтанбек, Әліпбек, Қабылбек.

ӘЛІПБЕКТЕН – Бақыт, Анарбай.

ҚЫПШАҚБАЙДАН – Серік, Берік, Дауылбай, Дүйсенбай, Құттыбай.

ЖАНТУҒАННЫҢ ұлы ТЕҢІЗБАЙДАН Қабыл мен Шодыр туады.

ТЕҢІЗБАЙ ірі бай адам болған. Ертеде Ташкент шаhарында бірнеше дүкен ұстаған.

ҚАБЫЛДАН – Түсіп молла, Тасанбек.

ТҮСІП молладан Адамбек.

АДАМБЕКТЕН - Қожаназар.

ҚОЖАНАЗАРДАН - Сейіткерім.

СЕЙІТКЕРІМНЕН - Қажымұрат, Бақтияр, Сұлтанғазы, Шамиль, Арман, Адамжан.

ҚАБЫЛДЫҢ ЕКІНШІ ҰЛЫ ТАСТЕНБЕК болыс болған адам. Одан Әбдіманат туады.

ӘБДІМАНАТТАН - Иманмұса, Серік, Асан.

ТЕҢІЗБАЙДЫҢ екінші ұлы ШОДЫРДАН - Аяпберген, Қосуақ. ШОДЫР ТЕҢІЗБАЙҰЛЫ Кенесары-Ағыбай заманында әрі батыр, әрі би болған адам.

АЯПБЕРГЕННЕН - Тәйтік

ТӘЙТІКТЕН - Райымбек.

РАЙЫМБЕКТЕН - Әшім.

ӘШІМНЕН - Әбдіғаппар.

ҚОСУАҚТАН – Адамбай (1884).

АДАМБАЙДАН - Елеусіз, Тілеухор.

Шодыр Теңізбайұлы

Кенесары-Ағыбай заманында Шодыр Теңізбайұлы әрі батыр, әрі би болған адам (25). Кенесары көтерілісінен кейін Шодыр шұбыртпалы атынан жер мәселесімен Ақмола басшылығына барған. «Преступник», «хищник» - деген сөздерден ашу алып уезд бастығын бір жаққа, қарсы келген губернатор өкілі Шоңды екінші жаққа лақтырып енді қылышына қолы тигенде жиналған халық әрен тоқтатқан. Ел оны «Шоңды жыққан Шодыр»- деп атап өткен. Тарихи өлеңде Шодыр былай сүреттеледі:

Шығыпты ертеде Шодыр батыр,

Қол бастап жауға қарсы тіккен шатыр.

Омбыға Ағыбаймен барып,

Жер үшін Ағекеңе берген ақыл.

Шодыр батырдың бейіті Тайатқан-Шұнақта.

Жаңартылды 07.04.2016 09:11