Ағыбайдың солдатты сабауы Басып шығару
04.05.2012 12:42

Қарқаралы дуанына Шалғынбай деген төре сұлтан еді. Мен Шалғынбайдың сарайына жұмысым болып барып едім. Қарқаралыға жандарал келді деп, Қарқараладағы дуанға 20 болыс ел жиналды. Кісі көп болды. Бір мезгілде Ағыбай батыр келді. Қартаң тартып қалған кәрі екен. Сақалы аппақ. Астында ақбоз аты бар, жанында қанжары бар, қолында қамшысы бар. Неше мың кісіден иығы асып көрініп тұрды.

Бір кезде бір казак-орыс келіп, атыңды мінемін деп, Ағыбайдың тізгінінен ұстай алды. «Қой, менің атыма тиме, анау жұрттың атын-ақ міне бер» деді. Казак-орыс болмай, тізгінін жібермеді. Сонда Ағыбай әлгі казак-орысты екі рет тартып жіберді. Казак-орыс етпетінен түсті. Әлден уақыттан кейін тұра келіп, дуанбасы майордың үйіне жылап кіріп кетті. Артынан жүгіріп біз де келдік. Орыс базын изеп, майорға келіп жылап тұр екен. Майор ашуланып: «Неге мынау жылап тұр?» деді. «Осында та мінем деп едім, Ағыбай деген шал қамшымен ұрып жықты». Майор ашуланып: «Шақыр Ағыбайды» деді. Ағыбай бір мезгілде келді. «Сен мынаны ұрдың ба?» деді майор. Ағыбай өзі тынышсыз өскен қандай орыс еді, осында екі-үш мың жиналған кісінің атын мінбей, менің атыма жармасты». Майор Ағыбайдың бетіне қарап үндемей отырды да, майордың қасында отырған Шалғынбай сұлтан: «Тақсыр, мұны мен бітіремін» деді. Майор : « Но жарайды» деді. Шалғынбай қалтасынан әлгі казак-орысқа ақша берді. «Кешке тағы маған кел, риза қыламын» деді. Егер майор бірдеңе десе, Ағыбай қанжарын салып алайын деп шұқшиып тұр екен.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультетінің аға оқытушысы – Бисенбаев Пазылбек

Жаңартылды 05.09.2012 10:21